Сейсенбі, 28 Тамыз 2018 09:07

Отырар ауданы әкімдігінде жылыту маусымына дайындық жайы пысықталды

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппарат жиыны болып өтті. Жиынның күн тәртібінде аудан бойынша 2018 -2019 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысы мен қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі кеңінен қаралды.

Басқосуда сөз алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады. Жиында тиісті сала басшыларына жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын сұраған аудан басшысы көрсетілген мерзім ішінде әлеуметтік нысандардың қазандықтары, қатты отын мен көмірлері сақадай сай болуын және көп қабатты тұрғын үйлердегі атқарылу керек жұмыстарды әлі де жандандыру керектігін айтып, оны сала басшыларына өз бақылауларына алуды тапсырды.

Мұнан бөлек аудан басшысы қысқы маусымға дайындық барысын әр ауыл округ әкімдері назарларына алып тұрғындар арасында көмір мен қатты отынды арзан бағада ертерек алу бойынша түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді жүктеді. Жиынды қортындылаған аудан басшысы әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрғындарды хабардандыру жұмыстарын ширату керектігін, себебі бір пәтердің жылу жүйесіндегі ақаулық бүкіл үй тұрғындардың жағдайына әсере ететінін айтты. Сондай-ақ, қозғалған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстардың орындалу барысын қадағалауды және орындалуы бойынша баяндауда тиісті орынбасарларына тапсырды.

  «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 1090 рет