«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 300 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» акциясын қолдау, сонымен қатар ауданды көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатында көктемгі ағаш егу жұмыстары өтті. Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 300 түп қарағаш, айлант, теректер отырғызылды. Игі шараға аудан әкімімен бірге мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер бір кісідей атсалысты.