Отырар ауданында халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті.

Кентауда ведомствоаралық штба отырысы өтті

Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынды Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жүргізді. Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

МӘМС: Жүрек-қан тамырлары ауруларында қандай тексерулер қажет?

Жүрек-қан тамырлары аурулары – адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін дерттердің бірі. Олардың қатарына артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі және басқа да аурулар жатады. Бұл аурулардың қауіптілігі – кейбірі ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз дамып, кенеттен асқынуы мүмкін. Сондықтан жүрек саулығын сақтау үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, қан қысымы мен қан құрамындағы негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылау қажет.

МӘМС: Несеп-тас ауруының себептері және емдеу жолдары қандай?

Несеп-тас ауруы – бүйрек пен несеп шығару жолдарында тұздар мен минералдардың жиналуы нәтижесінде тас пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл дерт қазіргі таңда жиі кездесетін урологиялық аурулардың бірі. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем жүргізілмесе, бүйрек қызметінің бұзылуына және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін. 

Кентау қаласында «Үздік Jastar премиясы – 2026» марапаттау іс-шарасы өтті

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен белсенділігімен, талантымен және түрлі саладағы жетістіктерімен ерекшеленіп жүрген жастарды марапаттауға арналған «Үздік Jastar премиясы – 2026» салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жезқазған қаласының ардагерлері Түркістанның мәдениеті және руханиятымен танысты

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған 15 ардагер Түркістан қаласына арнайы сапармен келді. Сапар барысында қонақтар Түркістан қаласының ардагерлерімен және ақсақалдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Кездесуде аға буынның қоғамдық өмірдегі орны, жастар тәрбиесіне қосып отырған үлесі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар сөз болды.

Кентау қаласында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық жұмыс тобының кездесуі өтті

Бүгін Кентау қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қала тұрғындарымен және №5 Жылу электр орталығының еңбек ұжымымен маңызды кездесуі өтті. Келелі жиынды қала әкімі Жандос Тасов ашып, жүргізіп отырды. Кездесудің басты мақсаты – Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтарды, экономикалық және әлеуметтік реформалардың мәнін халыққа кеңінен жеткізу.

Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Түркістанда «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» қалалық марафоны аясында байқау өтті

Түркістан қаласында Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұлағатты ұстаз Сейдулла Садықұлы Садықовтың 75 жылдығына арналған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» қалалық марафоны аясында «Ұлы Абай – тағылым жалғастығы» атты танымдық-шығармашылық байқауы өтті.