Өмірзақ Шөкеев: Сел салдарымен күресте «Мақтаарал тәжірибесін» пайдаланамыз

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал: Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді

Мақтаарал: Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді,-деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Түркістан облысының су басқан 3 ауданы жайлы мәлімет

13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді.

Бауыржан Байбек Мақтааралдықтарға Елбасының сәлемін жеткізді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал: Отырарлық еріктілер тұрғындарға рухани күш сыйлады

Мақтааралдағы төтенше жағдайда алғашқылардың бірі болып Отырар жастарынан құралған «Береке» еріктілер тобының жетекшісі Әскербек Батырбековтің ұйытқы болуымен, аудан тұрғындары мен еріктілері (мешіт жамағаты және қала мен аудан арасында қатынайтын көлік жүргізушілері) Мақтаарал ауданындағы тұрғындарға қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмектерін жеткізді.

Республика бойынша ең ірі ешкі сүт өнімдері кооперативі - Ордабасыда

Ордабасы ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Республика бойынша ең ірі "Асыл тұқымды шарушылық Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативімен танысты.Бүгін ешкі сүтін өндіру және өңдеумен айналысатын шаруашылықтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған кәсіп түрін дамытудың жолдарын талқылап, бір қатар тапсырмалар берді.

Шымкент: Қала әкімі жауын салдарынан су басқан елдімекеннің жағдайымен танысты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.