Түркістан: Тасқын су басқан ауыл тұрғындарына 96 тонна азық-түлік таратылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы азық-түлік қоймасына бүгінге дейін 408  тонна гуманитарлық көмек келіп түскен. Оның 96 тоннасы эвакуациялық бекеттердегі азаматтарға, жекелеген туыстарының үйінде жатқан тұрғындарға үлестіріліп берілді. 

"BAL-TEKSTIL" кілем фабрикасы Мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілеп алып келді

   

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына көмек қолын созудан Шымкенттегі  "Bal-Tekstil" кілем фабрикасы да шет қалған жоқ. Бүгін Атакент ауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпы сомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жетті.

Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі мақтааралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін жіберді

 

Мақтаралдағы жағдай қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін, қиын қыстау кезеңде бір қолдың саласындай біріге алатындығын тағы бір дәлелдеді. Белгілі кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно- мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмек   жеткізді.  Көмек керуенінің жалпы құны - 9 млн 862 мың теңге.

Сайрамда мұнара қалпына келтіріліп, 340 абонент ауыз сумен қамтылды

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков ауылдық округтерінің орталық көшелерін аралап, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түлкібастық ардагерлер құрметке бөленді

Сұрапыл соғыстың оты өшіп, Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне міне, 75 жыл. Бүгінгі ұрпақ үшін ол дүбірлі мереке болғанымен, бұл жеңістің өтеуі тым ауыр болғанын ұмытпауымыз керек. Мерекеге орай, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт Отан үшін, бейбіт болашақ үшін күрескен соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы құттықтап барды.

Мақтаарал: Келес ауданында арнайы штаб жұмысы қарқын алды

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда.