Сайрамда Ұлы жеңісті жақындатқандар марапатталды

Сайрам ауданындағы Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 1 миллион теңгеден бір реттік көмек берілді.

Сайрам ауданындағы Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 1 миллион теңгеден бір реттік көмек берілді.

Өткен тәулікте Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерден 1,5 млн текше метр, жалпы 4,5 млн текше метр су сорып алынды,-деп хабарлайды Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі - 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Ауышл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Мақтаарал ауданында жұмыс істеп жүрген еріктілермен кездесті. Олар басқосуда волотерлардың жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды түсіндірді.

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек беру ісінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы журналисттер қауымы да шет қалған жоқ. Бір топ БАҚ өкілі ең алдымен Мақтаарал ауданы Ізгілік ауылы Т.Әубәкіров атындағы орта мектебінде орналасқан Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.

Түркістан облысының бір топ депутаты "Nur Otan" партиясының республикалық "Біз біргеміз" акциясы аясында Мақтаарал ауданына жалпы құны 11 млн теңгені құрайтын 11 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек әкелді. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық еті де бар.

Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Бүгін Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Түркістан облысының әкімдігі мен «Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.