Сарыағаш ауданы әкімі ҰОС ардагерлерін құттықтады

Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Отаршиев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына арнайы барып, Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.








