Сарыағаштық шаруалар құлпынай егуді бастап кетті

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округінде 18 гектар құлпынай жайқалып тұр. Сәуір айында алғашқы өнімін бере бастайды. Қазір мұнда 30-ға жуық жергілікті ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған.

Құлпынай егу ісін «Абдураман» шаруа қожалығы осыдан 7 жыл бұрын 10 соттық жерге егуден бастаған. Жыл сайын нәзік дақылды өсірудің қыр-сырын меңгеріп, шетелден ұрық алдырып, мол пайдаға кенеліпті. Соның нәтижесінде бүгінде қожалық құлпынай көлемін 18 гектарға жеткізіп отыр.

Былтырғы жылы қожалық бас-аяғы 150 тонна өнім алыпты. Өндірілген өнімді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларымен қатар, облыстың Сарыағаш, Қазығұрт аудандарына саудалапты.

«Біз көп іздендік. Шетелдерге көп шығып, Сарыағаш ауданының климатына қолайлы сорттарды әкеле бастадық. Өткен жылы жалпы құны – 50 млн теңгені құрайтын жоба аясында 18 гектар жерге тамшылатып суару әдісін ендірдік. Бұл жоба толық іске асса, жылына 350 тонна өнім алуға болады. Сондай-ақ, 45 адамды жұмыспен қамтитын боламыз», – дейді қожалық төрағасы А.Шымбергенов.

Айта кетейік, құлпынай дақылы Түркістан облысында көп егіле бермейді. Дегенмен әрекет түбі – берекет, қожалық осыны ескеріп, тәуекелге бел буып, ірі көлемде шығын шығаруда. Алдағы жылдары қожалық құлпынайды жылыжайда өсіріп, 6 ай бойы өнім алуды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

Созақтың тұзына сұраныс артып келеді

Созақ ауданында өндіріс орындарының қатары артып келеді. Сондай кәсіпорынның бірі-"Дархан-ас" өндірістік кооперативі былтырғы жылы жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын тұз өндірген. 

Түркістандық омарташы тоғыз мың араны өсіреді

 

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны 45 жастағы Мәлік Айтымбетов 9 ұл-қыздың әкесі. Бүгінде ол 70 жәшік бал арасын ұстайтын ауылға аты мәлім омарташы. Бұл іспен айналысқанына 7 жыл болыпты.

Сарыағаш ауданының бір ғана ауыл округінде 300 гектар жылыжай бар

 

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауыл округінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бір жерден үш рет өнім алу тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып келеді. Мұнда қазірдің өзінде жылыжай көлемі 300 гектарға жеткен.

Төлеби ауданында мемлекеттік қызмет көрсететін "Халықтық кеңсе" ашылды

 

Төлеби ауданында тұңғыш рет мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған халықтық кеңсе ашылды. Аудан әкімдігі жанынан ашылған орталық аудан әкімдігінің бірінші қабатында орналасқан. Мұнда мемлекеттік қызметтерді бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы алуға мүмкіндік бар.

Түлкібас ауданында 700-ге тарта тұрғынға үй салатын жер телімі беріледі

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй іргелік жер кезегінде тұрған 700-ге тарта тұрғынның өтініші қанағаттандырылатын болды. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың өткен жылғы есебінде айтылған жергілікті халықтың өтініші осылай шешімін табуда.

Түркістан: Өңірдегі медициналық ұйым өкілдері ана мен бала өлімін төмендету тақырыбын талқылады

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетованың қатысуымен өңірдегі медициналық ұйымдардың ана мен баланы қорғау жөніндегі бас дәрігерлері мен емхана дәрігерлері және медбикелер арасында нәрестелер мен балалар өлімін төмендету бойынша жұмыс жоспарлары талқыланды.