Шымкентте каратэден республикалық чемпионат басталды
Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетика» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер мен кадеттер арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетика» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер мен кадеттер арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Таяуда Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 40 жылдық мерейтойы өткені белгілі. Аталған мерекелік жиын білім ордасының тарихи мұражайының салтанатты ашылу рәсімімен басталып, іс-шараның аясында «Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: Білім, ғылым және тәжірибе» атты екі күндік халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.
2020 жылдан бастап АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакет енгізіледі. Бұл туралы АӘК тағайындаудың жаңа тәртібі жөнінде өткізілген баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы айтып, түсіндірді.
2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың барлығына табысына қарамастан жәрдемақы беріледі. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында кешенді шаралар мен бағыттар қабылдаған.
Шымкент қаласының әкімі әлеуметтік желідегі өзінің жеке аккаунтына қала тұрғындарынан түскен мәселелер бойынша «Тұран» шағын ауданына барды. Аталған іссапар барсыныда қала басшысы тұрғындар мәселелерінің барлығын дерлік тыңдап, өз көзімен көрді.
Жаңа жылдан бастап Шымкентте жылу бағасы қымбаттауы мүмкін. Бірақ тек бюджеттік мекемелер үшін. Бұл туралы жылу беретін мекеме басшылығы айтты. Ал шаһарда жылу беру маусымы қала әкімінің өкімімен 25 қазаннан басталмақ.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаеваны қабылдап, 50 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады.
Биыл қазақтың тұңғыш дипломаты, тілші, ағартушы-ғалым Нәзір Төреқұловтың туғанына – 127 жыл. Осыған орай, Шымкенттегі қоғам қайраткерінің есімін иеленген №62 жалпы орта мектепте кездесу кеші өтті. Айтулы жиында «Алаштың асыл перзенті» тақырыбында сахналанған көрініс ұсынылып, ұлтжанды азаматтың ұлтына сіңірген еңбегі дәріптелді.
«Мегаполистегі ақпараттың рөлі». Осындай атаумен Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында семинар-тимбилдинг өтті. Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйытқы болған шарада журналистерге қазақ блогосферасының үздігі Асхат Еркімбай мен ІТ-блогер Бектұр Тимур әлеуметтік желіні күнделікті өмірде дұрыс қолданудың бағыттарын көрсетіп, білгендерімен бөлісті.
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Темірқазық» клубының бастамасымен жастар жылына және студенттер күніне орай «non stop!» шарасын ұйымдастырды. Ондағы мақсат – жастардың білім-ғылымға қызығушылығын оятып, кітапханаға шақыру. Кеште әдеби-композициялық көрініс қойылып, түрлі танымдық ойындар ойнатылды.