Super User

Super User

«ҰЛЫ МҰРАДАН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА»

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жаңа оқу корпусының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Ұлы мұрадан жарқын болашаққа» тақырыбымен ұйымдастырылған айтулы шара – университет тарихындағы маңызды белестердің бірі әрі еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға бағытталған игі бастамалардың жарқын көрінісі.

Шымкент: Көксайда тағы қоныс тойы

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Көксай шағынауданында орналасқан Нұрлыбаев көшесі, №22 мекенжайындағы тозығы жеткен үйдің тағы жеті отбасы жаңа баспанаға ие болды. Тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталып, олар көптен күткен қуанышты сәтке куә болды.

Мәулен Әшімбаев Шымкентте

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту күн тәртібіне арналған «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында кітап авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сапар аясында Мәулен Әшімбаев жергілікті бочча федерациясының өкілдерімен және өңір жастарымен кездесті. 

Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел) іс-шарасына қатысты. Биылғы іс-шараның Шымкент қаласында өтуі Еуразияның негізгі сауда ағындары мен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің тоғысында орналасқан мегаполистің қарқынды дамуын көрсетеді. 

Осы RSS каналға жазылу