МӘМС: Омыртқа жарығы кезінде қандай медициналық көмек қолжетімді?
Омыртқа жарығы (грыжа) – қазіргі уақытта жиі кездесетін аурулардың бірі. Ол адамның күнделікті өміріне, қозғалысына және еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бел аймағындағы ауырсыну, аяққа таралатын жайсыздық, ұю және қозғалыстың шектелуі осы аурудың белгілері болуы ықтимал. Мұндай жағдайда уақытылы дәрігерге қаралып, қажетті емді бастау маңызды. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында пациенттерге қандай медициналық қызметтер көрсетіледі?