Super User

Super User

Түркістан облысы: Иқанда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Кентау қаласына қарасты Иқан ауылында жол мәселесі оң жолға қойылған. Бүгінде «Ауылым - алтын бесігім» бағдарламасы аясында 2 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Түркістан: сенаторлар Ордабасы ауданына барып, халықтың мң-мұқтажымен танысты

Ел жұрттың мұң-мұқтажымен танысып, түйінді мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Ордабасы ауданында болды. Бұл жерде депутаттар құрылыс нысандары, ауыл шаруашылық жұмыстарымен және әлеуметтік мәселелермен де жіті танысты.

Түркістан: Шардара ауданында «Тіл мерейі» атты байқау өтті

Мемлекеттік тіл халықтар достығының дәнекері. «Жастар жылына орай мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды.

Түркістан: Мақтааралда «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы білім беру басталды

Мақтаарал ауданында «Жас кәсіпкер» жобасына 76 азамат қатысып білім алудың алғашқы легін бастады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған бастама Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен жасалған. Игі шараға аймақтан қызығушылық танытқандардың саны артуда. Қазірдің өзінде 400-ге жуық кәсіп ашам деген ниетті тұрғындар өз өтініштерін білдерген.

Осы RSS каналға жазылу