Түркістан қаласы мен Сауран ауданы әкімдігінің әскерге шақыру бекеті ашылды
Бүгін Түркістан қаласы мен Сауран ауданы әкімшілігінің әскерге шақыру бекеті күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Әскерге шақыру пунктінің ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар әскерге аттанғалы тұрған сарбаздар мен белсенді жастар қатысты.