Super User

Super User

Шымкентте күрделі нейрохирургиялық операциялар тегін жасалуда

Шымкент қалалық №2 ауруханада жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейіп келеді. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда тұрғындарға күрделі нейрохирургиялық операциялар заманауи технологиялардың көмегімен тегін жасалуда. Мұндай медициналық көмектің құны кей жағдайда 6 млн теңгеден де асады.

Түркістанда «Түркістан төсіндегі көне атаулар ізімен» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедицияға арналған жиын өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі – «Ономастар одағы», Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» КММ бірлесіп Ұлы Дала елі орталығында «Түркістан төсіндегі көне атаулар ізімен» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедиция аясында жиын өткізді.

Түркістан қаласында таяуда тағы 2 спорт кешені пайдалануға берілмек

Түркістан қаласында тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жаңа спорт кешендері жақын күндері ел игілігіне беріледі. Осыған орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының аяқталу барысы мен пайдалануға дайындығын тексерді.

Түркістан – еліміздегі ең танымал туристік өңірлер қатарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев турзимді дамыту мәселесіне басымдық беріп, маңызды міндеттер жүктегені белгілі. Түркістан облысында осы бағытта ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан ішінде туристер ең көп демалған көшбасшы өңірлер қатарына Түркістан облысы да қосылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті хабарлады.

Осы RSS каналға жазылу