Super User

Super User

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін Отырар ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Отырарда ұлағатты ұстаз Күлсара Баянбайқызын еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі өтті

Отырар ауданында спортты дамыту, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және елге еңбегі сіңген тұлғалардың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету бағытындағы игі бастамалар жалғасын табуда. Осы мақсатта ұлағатты ұстаз, Батыр ана Күлсара Баянбайқызын еске алуға арналған 2010–2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Екі күнге созылған спорттық додаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аудан-қалаларынан іріктеліп келген 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Отырар ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» өтті

Отырар ауданында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұрмыстық өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» профилактикалық акциясы өткізілді. Онкүндік аясында жауапты сала мамандары тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын түсіндірді. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрмыстық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, бірқатар тұрғын үйге улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды.

Отырарда діни экстремизм мен терроризмнің алды алу бойынша ведомствоаралық түсіндіру жұмыстары өткізілді

Отырар ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кәмелетке толмағандардың теріс діни идеологиялардың ықпалына түсуіне жол бермеу және салааралық профилактикалық жұмыстарды күшейту бағытында маңызды әдістемелік кездесу өтті. №1 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылған жиынға аудандық мемлекеттік органдардың, білім беру және спорт мекемелерінің басшылары, құқық қорғау саласының өкілдері мен теолог мамандар қатысып, жасөспірімдер арасындағы қауіп-қатерлердің алдын алу тетіктерін талқылады.

Осы RSS каналға жазылу