Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласы, Тельман шағынауданындағы 1200 орынға арналған мектеп құрылысы 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Нысан құрылысын биылғы жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда.

СОЗАҚ АУДАНЫ ОРТАЛЫҒЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, кешенді дамыту шараларының сапасын бақылауға алды. Атап айтқанда, орталық маңызы бар С. Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі абаттандыру жұмыстары басталды. Алғашқы қадам ретінде жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, көшенің көркін арттырады.

СОЗАҚ АУДАНЫ: ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп. Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.

ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды арнайы құттықтап барған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы қуаныш иелеріне жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Осы RSS каналға жазылу