Super User

Super User

Кентау қаласында «TUR Workout – Тәртіпке тартыл» қалалық сайысы ұйымдастырылды

Кентау қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «TUR Workout – Тәртіпке тартыл» қалалық іріктеу сайысы өтті. Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Абай Қадыров және Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Кентау қаласы: облыстық мәслихат депутаттары инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары жұмыс сапарымен Кентау қаласына келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы қаладағы Жастар саябағында өтіп, оған қала әкімі Жандос Тасов, бөлім және мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, жастар мен белсенді тұрғындар қатысты.

Кентау қаласына жұмыс сапарымен вице-министр Ербол Тұяқбаев келді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Сапар аясында вице-министр алдымен қаладағы Арнаулы кәсіптік колледжде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және білім беру үдерісімен танысты.

Осы RSS каналға жазылу