Super User

Super User

Қаратау ауданында инфрақұрылым жаңғыртылуда

Шымкент қаласының Қаратау ауданында 2026 жылдың тоғыз айында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік желісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде ауданның бірқатар елді мекенінде инженерлік желілер жаңартылып, жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар салынып, көшелердің сапасы жақсарды.

Аталған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын Пазылбекұлы баяндады. 

«Жол» сериалы – жастарды дұрыс бағытқа бастайтын туынды

Бүгінде жастардың діни сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағыттағы маңызды тақырыптарды қамтыған «Жол» сериалы Шымкент қаласының Дін істері басқармасының қолдауымен жарық көрді. Көпшілікке ұсынылған туындының алғашқы көрсетілімі Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды.

МӘМС: Жүрек-қан тамырлары ауруларында қандай тексерулер қажет?

Жүрек-қан тамырлары аурулары – адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін дерттердің бірі. Олардың қатарына артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі және басқа да аурулар жатады. Бұл аурулардың қауіптілігі – кейбірі ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз дамып, кенеттен асқынуы мүмкін. Сондықтан жүрек саулығын сақтау үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, қан қысымы мен қан құрамындағы негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылау қажет.

МӘМС: Несеп-тас ауруының себептері және емдеу жолдары қандай?

Несеп-тас ауруы – бүйрек пен несеп шығару жолдарында тұздар мен минералдардың жиналуы нәтижесінде тас пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл дерт қазіргі таңда жиі кездесетін урологиялық аурулардың бірі. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем жүргізілмесе, бүйрек қызметінің бұзылуына және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін. 

Осы RSS каналға жазылу