Түркістанда «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтті
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтті. Іс-шараға Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Садықов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.