Сенбі, 11 Шілде 2026 14:09

Түркістанда «Баб араб» мешіт-музейі атты жаңа туристік маршрут пайда болды

Түркістан облысында өңірдің тарихи-мәдени және рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған жаңа туристік маршрут – «Баб Араб» мешіт-музейінің ашылуына орай баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, туризм саласының мамандары және сала өкілдері қатысып, жаңа туристік нысанның тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және туристік әлеуетімен танысты.

«Баб Араб» мешіт-музейі – Түркістан өңірінің тарихи-рухани құндылықтарын кеңінен насихаттауға, ішкі және келу туризмін дамытуға, сондай-ақ өңірге келетін туристер үшін жаңа әрі мазмұнды бағыттарды қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру және туристерге ұсынылатын бағыттарды әртараптандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

«Баб Араб» мешіт-музейі  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 620 метр қашықтықта орналасқан.  Баб Араб кесенесі мен мешіті 2009 жылғы қақпалардың теодолитті түсірілімі мен 2011 жылғы Жеті Ата қақпасын археологиялық зерттеу нәтижесінде жиналған тарихи деректер негізінде қайта қалпына келтірілді. Жұмыс жүргізу кезінде күйдірілген кірпіштен қаланған мешіт қабырғасы анықталған болатын. Сондай-ақ, Баб Араб мешітінің ізі, төртбұрышты кірпіштен тұратын еден бөліктері табылды. Көп жылдық археологиялық, мұрағаттық зерттеулердің нәтижесінде 2017 жылы Түркістан аумағында жобалау жұмыстарын орындау туралы келісімшартқа қол қойылғаннан бастап Баб Араб кесенесі мен мешітін қалпына келтіру жұмыстары басталды. 2018 жылы Баб Араб кесенесі іргетасын көтеру арқылы толық қайта қалпына келтірілді.

Баб Араб жайлы дерекке келсек О.Дастанов өзінің «Әулие жерлер туралы шындық» кітабында дін иегерлерінің түсіндіруінше Түркістаннан бір кісі Меккеге барады, алайда қайтуға ақшасы жетпейді. Әбден шаршаған ол кісі Мұхаммед пайғамбар мәйітін құшақтап жылайды екен. Күндердің бір күнінде оған бір адам келіп ертенгі жұма намазы кезінде бір ағашқа қара ат байланатындығын және сол аттың иесі кез келген арманыңды орындай алатындығын айтады. Еліне оралуды қалаған кісі айтылған ағашқа барып байланған қара атты көреді. Аттың шылбырын ұстап оның иесін күтуге қалады. Жұма намазы аяқталған соң аттың иесі келеді, алайда күтіп тұрған кісі шылбырын жібермей оны тастамай алып кетуін өтінеді. Кісіні аяған ат иесі оны артына отырғызып, көзін жұмып және сол сәтте ашуын сұрайды. Көзін ашқан кезде олар Түркістанда болады. Ат иесі «Әзірет Сұлтанға» қарай кетіп бара жатқан кезінде есімін сұрағанда «мен Баб Арабпын» деп айтады да сол сәтте ғайып болып кетеді. Еліне оралған кісі бұл оқиғаны халқына айтып, атпен түскен жерінде Баб Арабқа арнап күмбез салады делінген.

Баб Араб мешіті Жеті ата қақпасының оңтүстік-шығыс бетінде, Баба Ғаріп кесенесі мен Үндемес ата кесенесіне жақын орналасқан. Сонымен бірге, қақпаның сыртындағы ор үстіне Бабырат ата көпірі салынған, мұндағы «Баба Ғаріп» те, «Бабырат ата» да, Баб Араб ата атауының қысқарып, өзгеріске ұшыраған түрі. Баб Араб мешітінің орынында 2011ж. археолоиялық қазба жүргізіліп жер деңгейінен 2м тереңдіктен мешіттің күйген қыштан қалаған қабырғаларының, еденнің қалдықтары шықты. Қабырғаларының өлшемі 6х6м, еденінің қыш төселген 4,6х3м фрагменті сақталған, төселген кірпіш өлшемдері 28х28х5см. едені үш рет қайта төселген, яғни мешіт үш рет күрделі жөндеуден өткен. Ең соңғы рет 1908ж. едені қайта төселген. Осы кезде ауласына енетін кішігірім қақпасы патша кірпішінен қайта тұрғызылған.

А.И. Добромысловтың «Города Сыр-Дарьинской области» атты енбегінде Баб Араб мешітін соңғы рет 1908ж. шейх уль-ислам атағынан үміткер Атахан қожа Асқар Қожынов өз қаржысына қайта салғызғаның жазады. А.И.Добромыслов Баб Арабты Ахмет Ясауидің шәкірті және Бұхарадағы белгілі медресені салдырған адам деп келтіреді. Мешіт 1930-шы жылдардағы нәубет кезінде қиратылған және орынына өлген адамдар мәйіттері жерленіп кеткен. Мұндай молалар мешіт ауласында да орналасқан. Баба Араб мешіті 2009-2011жж. қазба жұмыстары негізінде 2015-2018жж. қайта қалпына келтірілді. Баба Арабтың Қызылордада тұратын ұрпағы Жолдыбаев Өтеген Ысқақұлының қолында ата-баба шежіресі  — «Насабнама» сақталған. Шежіреде Баб Арабтың шын есімі Сабыр Мәлік делінген, яғни, Баба Араб та, Баба Ғаріп те қосалқы есімдері, арабша айтқанда «ныспысы» (нисба) болып табылады.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласы елдегі негізгі туристік орталықтардың біріне айналған. Бұл саланы одан ары дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жергілікті билік туризмді дамытуға аса үлкен көңіл бөліп отыр. Туризм халық шаруашылығында дербес сала екені айқын және бұл экономикалық құбылыс болып есептелінеді. Туризм – экономиканың қарқынды дамыған және көп табыс беретін салаларының бірі екені айтпаса да түсінікті. Ол жиі аймақтық даму «катализаторы» рөлін атқаратыны белгілі. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған.

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір. Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы. Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.

Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.

Туризм саласының төмендегідей экономикалық функцияларын атап өтуге болады:

– туризм саласы экономиканың басқа салаларына қарағанда салынған капиталдарды тез арада өндіріп алуға мүмкіндік береді;

– экономиканың өзге түрлерінен гөрі өнімділік деңгейі жоғары болып келеді;

– туризмге салынған инвестиция аймақтық экономикаға және мемлекеттік экономикаға да оң әсерін тигізеді;

– туризм саласы еңбек күшіне негізделгендіктен, жұмысссыздық мәселесін шешуде өте маңызды;

– туризм аймақтық және мемлекеттік инфрақұрылымды дамытады;

– халықаралық туризмнің дамуы дамыған

елдерден дамушы елдерге қарай ақша ағынын тудырады;

– табиғи ресурстар туризм саласының негізгі қайнар көзі болғандықтан, туризмді дамыту үшін табиғи ресурстарды қорғау және дамытуда көп жұмыстар атқарылуда. Яғни туризмі дамыған елдің табиғаты да жақсарады;

– туризмнің әсерінен елдің әлеуметтік және мәдени байлықтарына назар аудартады және дамытады.

Қазақстанда туризмді шынайы бағалау экономика үшін салыстырмалы түрде кештеу келді. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңызы өте жоғары көптеген архитектуралық, археологиялық және тарихи нысандар қалпына келтіру жұмыстарын өте қажетсініп отыр. Архитектуралық бағытта қаланың алып жатқан аумағын үш аймаққа бөлуге болады: Қожа Ахмет Ясауи атындағы мұражайлық кешен төңірегіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер; әкімшілік, орталық алаң, мейманханалар мен мейрамханалар орналасқан әкімшілік орталық; Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың негізгі оқу, ғылыми орталықтары мен қосалқы оқу кешендері және мәдени орталықтары орналасқан ғылыми-ағартушылық аймақ.

Қаланың құрылыстық-сәулеттік мүмкіншіліктеріне келсек, қаланың орналасуы ендік бағытта созылып орналасқан. Оған себеп – облыс орталығымен және аймақтағы басқа да елді мекендермен жалғастыратын жол магистралдары мен Арыс-Түркістан су арнасының өтуі. Мұның өзі туризм саласына оң септігін тигізеді. Қазақстанның туризм саласын дамытудағы өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын кейбір сарапшылар сенімді түрде айтып жүр.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады. Бүгінгі күні туристік индустрияны дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияны тарту үшін елімізде барлық жағдай бар. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі экономиканың тұрақты дамуы мәселесін шешуде өзекті болып табылады.

Түркістан қаласында туристік қызметті дамытуда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

Түркістан қаласының ең маңызды мәселесі, яғни қаланың туристік мүмкіншілігін Қазақстан және алыс шетелдерге таныстыру қажет. 

Түркістан қаласы және айналасындағы қандай туристік ресурстардың (тарихи, мәдени және рухани байлық – объектілер) бар екенін жоғары деңгейде зерттеп тіркеу.

Келген туристтердің ерекшеліктерін (жас, келу мақсаты, не күтеді, неге көңілі толады, толмайды, т.с.с) жақсы зерттеу керек. Оған қарап стратегия жасап, жұмыстар жасау қажет.

Туристерді ең кемінде 2 түн 3 күн Түркістанда ұстау үшін турпакеттер ұсыну керек.

Мысалы:

1-күн: Яссауи кесенесі, Арыстан баб және оған жақын бір киелі жерге зиярат ұйымдастыру.

2-күн: 1 маршрут бойынша түске дейін 1, түстен кейін 2 киелі жерге зиярат ұйымдастыру.

3-күн: таңертең шығарып салу.

Тек қана кесенені жарнамалап, көп турист тарту шектеулі болады. 50 км қашықтықта басқа киелі жерлермен ұштастырып тур пакеттер жасаған жөн. Бұл үшін Түркістан айналасындағы маңызды киелі жерлерді көрсететін карта жасау керек. 

Туризм туралы республикалық және облыстық семинарларға қатысып, Түркістан туралы таныту жұмыстарын жасау. 

Түркістан туралы басылым халықаралық және республикалық газет, ғаламторлар беттеріне мақалалар жазу қажет. 

Республика деңгейінде халықпен байланыс іс-қимылдарын жасап Түркістанның жақсы имиджін қалыптастыру. 

Республика деңгейінде хабар тарататын радио және теледидар каналдарында Түркістан туризмі туралы бағдарламалар жасап жариялау. 

Теледидардағы сериалдар, киноларды Түркістанда түсірілуіне түрткі болу. (Тарихи тақырыпта түсірілетін бағдарлама немесе кинофильмдер Түркістанда түсірілуіне жағдай жасау). 

Шетелдік саяхат туралы ғылыми жұмыстар жазған ғалымдардың Түркістан жайлы жазуын қамтамасыз ету. 

Маңызды туристік көрмелерге қатысып, Түркістан аймағын насихаттау.

Түркістан және киелі жерлерді, құндылықтарды көрсететін жоғары сападағы, бірнеше тілде брошура дайындау.

Түркістанға, Шымкентке жүретін автобус және пойыздарға жолаушыларға Түркістандағы туристік мүмкіндікті көрсететін видеороликтер көрсетіп, брошуралар тарату қажет.

Мемлекеттік және облыстық телеарналарда арнайы дайындалған жарнамалар жариялату. Осы жарнамаларда танымал тұлғалардысөйлету.

Түркістандағы көп турист алып келген турфирмаларға естелік сыйлықтар беру.

Олардың басшыларын Түркістанға қонаққашақыру.

Туристік және қонақ үйлік қызметкөрсетулердің сапасын, техникалық реттеу.жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру. Қонақ үй бағасын жеңілдету керек.

Шетелден және Қазақстаннан туристерді тартумен айналысатын мекеменің сайты болу керек.

ҚР әулиелі жерлерге мінәжәт етіп келушілердің және тарихи, діни экскурсиялықорталықтарға сырттан келушілер туризмі мен ішкі діни экскурсиялық туризмді дамыту.

Аталған міндеттерге байланысты туризм саласының қызметтік бәсекелестіктерін арттыратын экономикалық тетіктерді дайындау қажеттігі туындайды. Ол тетіктер бағалардың өзгеруіне қарамастан туристік клиенттердің талаптарына толық жауап бере алатындай біраз мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Туризм – Түркістан облысының экономикасын әртараптандырудың маңызды бөлігі. Бұл сала аймақта көптеген жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті кәсіпкерлердің табысын арттыруға және аймақтың жалпы ішкі өнімін көбейтуге мүмкіндік береді. Туризм саласының дамуы қонақүйлер, мейрамханалар, көлік қызметі, гид қызметі сияқты шағын және орта бизнестің өсуіне ықпал етеді. Халықаралық деңгейде танымал болған тарихи орындар аймаққа шетелдік туристерді тартып, валюталық түсімдердің артуына жол ашады. Туристердің қызығушылығын арттыру үшін ұлттық өнер мен қолөнер бұйымдарын өндіру және сату жанданып келеді.

Ежелден өркениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті Түркістан өңірінің туристік, мәдени-рухани бағытта дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Рухани шаһарда ел үшін маңызды шешімдер қабылданатын жиындар көптеп өтуде. Жақында ғана Түркі Мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті жоғары деңгейде өткізілді. Өткен маусым айында Түркі Мемлекеттері ұйымының білім, ғылым министрлері мен жоғары сот төрағалары бас қосты. Ал 2027 жылы Халықаралық ИСЕСКО ұйымының ұйғарымымен Түркістан ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Елдің абыройын көтеретін осындай игілікті істердің барлығы – мәдениет, руханият саласындағы қызметкерлердің еңбегінің жемісі деп сеніммен айтуға болады. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың басқа аймақтарында да мәдениет саласында оң өзгерістер байқалады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 100 рет