Super User

Super User

Түркістан қаласында жаңа туристік-тынығу нысаны - «Түркістан» экобағы ашылды

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Түркістан қаласында Қарашық өзенінің бойында 50 гектар аумақты қамтитын «Түркістан» экобағы ашылды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция жастардың құқықтық мәдениеті: Тәртіпке тартыл» атты ауқымды шара өтті. Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Түркістанға келуші туристердің саны арта түскен

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы – отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында баяндалды.

Түркістандағы бірегей туристік нысан - «Turan» аквапарк-су саябағының алғашқы кезеңі биыл пайдалануға берілмек

Түркістан қаласында еліміздегі бірегей туристік нысандардың бірі – «Turan» аквапарк-су саябағының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Ауқымды жоба «TURAN» арнайы экономикалық аймағында іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс нысанында 160 жұмысшы күндіз-түні еңбек етуде. Құрылыс үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Инвестордың мәліметінше, алғашқы кезеңді биылғы тамыз айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Түркістанда «KÖNE ARBAT» туристік маршрутының жобасы таныстырылды

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шаһардағы арбатқа арнайы барып, «KÖNE ARBAT» туристік маршрутының жобасымен танысты.Аталған нысан 0,98 гектар аумақты қамтиды. Жалпы ауданы – 8307,40 шаршы метр. Жоба туристер мен қала тұрғындарының жайлы демалуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіпкерлік пен мәдени туризмді дамытуға бағытталған.

Осы RSS каналға жазылу