Сауран ауданы: аппараттық мәжілісте өңірдегі өзекті мәселелер қаралды
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалық еткен аппараттық мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыруға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Мәжіліске аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен жауапты сала жетекшілері қатысты.