Делегация құрамында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған Сауран ауданының өкілдері мен аудан кәсіпкерлері болды. Ресми ашылу рәсімінен кейін көрме қонақтарына Қытайдың жетекші компаниялары өз өнімдері мен жаңа технологияларын таныстырды. Кәсіпорын өкілдері өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік жабдықтар салаларындағы инновациялық шешімдер жөнінде баяндамалар жасап, заманауи өндірістік мүмкіндіктерін таныстырды. Сауран ауданының делегациясы көрме павильондарын аралап, ұсынылған өнімдермен, технологиялық әзірлемелермен және өндірістік жабдықтармен жан-жақты танысты.
Сондай-ақ, Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі аясында Сауран ауданының делегациясы қытайлық инвесторлармен және жетекші компаниялардың өкілдерімен B2B форматындағы іскерлік кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Сауран ауданының инвестициялық әлеуеті, өндіріс пен агроөнеркәсіп салаларындағы мүмкіндіктер, бірлескен өндірістерді іске қосу, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Делегация мүшелері ауданның экономикалық мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері, өндірістік инфрақұрылымы мен тиімді логистикалық орналасуы жөнінде таныстырылым жасап, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат ұсынды. Өз кезегінде қытайлық инвесторлар Сауран ауданымен өзара тиімді әріптестікті дамытуға қызығушылық білдіріп, нақты жобалар бойынша пікір алмасты.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат