«Сауран таланттары – 2025» өнер байқауы өтті
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сауран таланттары – 2025» өнер байқауы өтті. Бұл шара — аудан жастарының шығармашылығын қолдау, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және сахна мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.