Шымкент: Қоғамдық кеңес жылды қорытындылады

Шымкентте мәслихаттардың 30 жылдығына орайластырылған марапаттау шаралары әлі жалғасып жатыр. Айтулы дата аясында қоғам белсенділерінің де еңбегі жоғары бағаланды. Қоғамдық кеңес отырысы барысында мүшелері марапатталып, олардың қала өміріне қосқан үлестері ерекше айтылды.

Шағын жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелеріне алғыс хаттар мен арнайы марапат табысталды. Шараға ардагерлер мен белсенді азаматтар, қатысты. Олар мәслихаттың тарихи маңызын атап өтіп, кеңестік қаланың дамуы үшін атқарып жатқан қызметін жоғары бағалады.

Марапаттау рәсімінен кейін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Шымкенттің экономикалық дамуы, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту, бюджет мәселесі, қала инфрақұрылымы мен инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Кеңес мүшелері қаланың дамуына қатысты нақты ұсыныстарын жеткізіп, тиісті баяндамаларды тыңдады.

Ал қауіпсіздік мәселесіне келсек, Шымкентті бірқатар қылмыстар былтырғымен салыстырғанда едәуір азайған. Зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық пен қарақшылықтың жолы кесілген. Дегенмен, полиция департаментінде мәселе аз емес. Учаскелік инспекторлардың жетіспеушілігі мен тәртіп сақшыларының түнгі клубты күзетуге мәжбүр болуын.

Бұдан бөлек жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелерінің нақты ұсыныстары айтылып, мәселелері ортаға тасталды. Бас жоспардағы әлеуметтік нысандардың қаралмауы, кейбір олқылықтар өткір сыналып, нақты шешу жолы ұсынылды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер айтылып, жылды қорытындылады. Қоғамдық кеңестің қала өміріндегі өзгерістерді енгізуге айрықша рөлі үлкен.

 

Шымкентте әлеуметтік көмек алушыларға газға жеңілдік қарастырылды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ пилоттық жобасы аясында, Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газға ай сайынғы жеңілдікті «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады.

Шымкентте волонтерларды марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы тапсырмасымен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Жас волонтер» жобасының үздіктері марапатталды.