Шымкентте «Пара берме» әлеуметтік челленджі бастау алды
Шымкент қаласында мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру мақсатында «Пара берме» акциясы басталды, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі. Бұл әлеуметтік челлендждің басталғаны туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали хабарлады.