Шымкент: «Мың бала» мектебі оқу жылының екінші тоқсанында ашылатын болды

Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданындағы бұрын монша болған ғимараттағы мектеп оқу жылының екінші тоқсанында қолданысқа беріледі. Бұл шешім №80 мектеп-лицейінің аталған ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлының басқаруымен және қалалық білім бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әділет департаменті, мектеп басшылығы, ғимарат иесі мен қалалық қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен жиында қабылданды.

«High Vill Kazakhstan» компаниясы Шымкентте тұрғын үйлердің құрылысын бастады

Шымкент қаласының әкімі «High Vill Kazakhstan» компаниясының президенті Ко Денг Хенді қабылдады. Аталған басқосуда тараптар «Shymkent City» тұрғын үй кешені жайында сөз қозғап, қала әкімі Е.Айтаханов Шымкенттің дамуы басты назарда екенін, қала орталығын ерекше үлгіде қалыптастыруды көздеп отырғанын жеткізді.

Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің тең жартысы көпбалалы отбасылар

Атаулы әлеуметтік көмектің әлегі азаяр емес. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда өтініш берушілер саны 7 есеге артқан. Алайда, олардың арасынан 5940 отбасының оған мұқтаж еместігі анықталған. Жасыратыны жоқ, әл-ауқаты жақсы болса да, мемлекеттен көмек алғысы келетін масылдар саны артып барады дейді мамандар.

Шымкентте ерекше сенбілік өтті

Шымкент қаласындағы №38 мектептің ауласын тазарту жұмыстарына тек әкелер қатысты. Олар ұлдарымен қатар жүріп, бірге ағаш егіп, бүлінген, сынған тетіктерді жамады. Бұл іс-шара жас буынды үлкеннен үлгі алуға үндеді.

Шымкенттік кәсіпкер атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсіп ашты

Мемлекеттің қарапайым халыққа көрсетіп отырған жәрдемі аз емес. Соның бірі – Атаулы әлеуметтік көмек. Шымкент қаласында осы Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты ақшалай көмек алып, оған кәсіп ашып жатқан азаматтар көп деп айтуға болады. Солардың біреуі — Фахриддин Алмаходжаев.

Солтүстік Қазақстан облысының делегаттары шымкенттік мамандарды өз өңірлеріне қоныс аударуға шақырды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданының өкілдері Шымкентке арнайы келіп, мамандарды өңірге шақырып жатыр. Жұмыс күші тапшы аймақтарға халықтың қоныс аударуы жалғасып жатқанын айта кетейік. Осыдан 6 жыл бұрын қабылданған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасылар көшірілуде. Солтүстік Қазақстаннан келген делегаттар қоныс аударуға ниет білдірген жергілікті тұрғындарға тиісті бағдарламаны жіті түсіндірді.

Еңбек күші тапшы өңірге көшкендердің шығындары үшін 35 АЕК көлемінде қаражат төленеді. Сонымен қатар бір жыл бойы көшіп барған отбасының баспананы жалдауға жұмсайтын шығындары субсидияланады. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан жұртшылығы қоныс аударғандарды құшақ жая күтеді дейді мамандар. Баян Шегебаев, СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары: «Ауыл шаруашылығы саласының мамандары қажет. Механизатор, дәнекерлеуші, энергетиктер, мұғалімдер, дәрігерлер. Камаз айдайтын көлік жүргізушілері де керек. Егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау болады».

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 40 мыңға жуық тұрғын тұрса, оның дені ауылдық елді-мекендерге қоныстанған. Кадр тапшылығын сезінген шаруашылық жетекшілері Шымқалаға арнайы келіпті. «Ақ селеу» шаруа қожалығы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды ауданға шақырады. Серік Малаев, шаруашылықтың төрағасы: «Біз келушілерге он тұрғын үй салып қойдық. Суы барлығы қарастырылған. 11 жылдық мектеп бар, бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған, наубайхана бар».

Солтүстікқазақстандықтар Шымкентте ұйымдастырылатын бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне де қатысады. Сол шарада қоныс аудару, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның мүмкіндіктері жан -жақты таныстырылады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Шымкентте 1,5 мың кәсіподақ ұйымы жұмыс істеп отыр

Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы филармония залында «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесіне орай «Еңбек, құқық, қоғам – кәсіподақ жүрегі! Бірлік, жігер, даму – Қазақстан тірегі» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Онда салаға еңбек сіңірген үздіктер марапатталды.

Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық көрсетуде

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». ПрезидентЖолдауын жүзеге асыру жолында Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы жүйелі жұмыс атқарып, үлес қосып келеді.