Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты.

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 1 қыркүйектен бері 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден және жеке әңгімелесуден өтуде. Биыл күзгі науқан аясында қаладан 1300-ден астам ер азаматты әскери қызметке жіберу жоспарланған.

Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау күшейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Утебаева 2026 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстарды баяндап, саладағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Шымкентте "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған World Cleanup Day халықаралық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғауға, қала аумағының тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды шараға қала тұрғындары белсенді қатысты.

Мемлекет басшысының жинағы таныстырылды

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабын таныстыруға арналған іс-шара өтті.

Шымкентте студенттерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиынға бірінші және екінші курс студенттері, оқытушылар, цифрлық сауаттылық бойынша сарапшылар, полиция қызметкерлері мен заңгерлер қатысты.