Шымкент: 24,5 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты

Шымкентте халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік саланы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.

Кентау қаласының әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстады

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі аналардың қоғамдағы айрықша орнына тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін атап өтті. Сондай-ақ ел болашағын қалыптастыруда аналардың рөлі ерекше екенін жеткізді.

Созақ ауданының жастары «Үздік еңбек жасағы» номинациясын иеленді

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарды еңбекке баулу, уақытша жұмыспен қамту және қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасының 2026 жылғы еңбек маусымы қорытындыланды.

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала мен оған қарасты ауылдардың тазалығын сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

«Мерейлі отбасы – 2026»: Шымкент жеңімпазы анықталды

Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды. «Көрме» орталығында өткен марапаттау рәсімінде бес ауданнан іріктелген 12 отбасыға құрмет көрсетілді. Жеңімпаздарға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек салтанатты жағдайда марапаттарын табыс етті. 

Шымкентте жаңа оқу жылы басталды: 405 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттады

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы басталып, 405 мыңға жуық оқушы мектеп партасына отырды. Олардың ішінде шамамен 29 мыңы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер. Оқу жылының басталуына орай қала мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілектері айтылды.