Даталы күн: Шымкенттің өрт сөндірушілері батыр әрі жанқияр

Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақ аға байланыс шебері азаматтық қорғау аға сержанты - Әділет Жандарбекұлы Жорабай. Ол азаматтық қорғау органында 2020 жылдан бері қызмет атқарады. Жалпы еңбек өтілі - 5 жыл. Белсенді жас маман. 

Шымкент қаласының креативті индустрия кәсіпкерлеріне қолдау көрсету: 2024 жылғы жәрмеңкелерінің қорытындысы

Қарқынды дамып жатқан әлемдік креативті экономика жағдайында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы Креативті индустрия ассоциациясымен бірге жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірқатар жәрмеңкелерді сәтті түрде өткізді.

Шымкент әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесті

Қала басшысы Қаратау ауданындағы Тұран, Нұртас, Мәртөбе, Мирас-2, Тассай және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Тұрғындар жолдарды асфальттеу, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, газ және кәріз жүйелерін жүргізу сияқты мәселелерді көтерді.

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шаралар жалғасуда

Шымкентте кезекті «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында акция өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Шымкентте имамдар спорт сайысына қатысты

18 қазанда Қазақстанда рухани келісім күні. Шымкент қаласы дін істері басқармасы және «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қаладағы діни бірлестік өкілдері арасында турнир өтті. 

Шымкент: Еңбекші ауданында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды.

Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шымкент: Қала тұрғындары шаһар экологиясын жақсартуға ат салысуда

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Шымкент: Еңбекші ауданы тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды

Қала әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, электрмен жабдықтау, қаңғыбас иттер, автобус аялдамалары мен жол белгілерін орнату және көше жарықтандыру мәселелерін көтерді.