Ғалым Шойкин Сауран ауданында ҚХА мүшелерімен, имамдармен және қоғам белсенділерімен кездесті

Таяуда Сауран ауданына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин іссапармен барды.  Сапар аясында жергілікті этномәдени бірлестіктермен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, мешіт имамдарымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өтті.

Шымкентте мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі соңғы жылдары басты назарда. Қалада мүгедектігі бар тұрғындардың еңбек нарығына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылуда.

Шымкенттегі су арнасын мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тыңдалымдар мен талқылаулар жалғасуда. Бүгін қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаевтың мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы жариялаған петициясы бойынша ашық талқылау өтті.

Шымкентте 14 млн теңгеге мурал салынады

Шымкент көшелері көркейіп жатыр. Қалада қасбетіне мурал салынған тұрғын үй мен ғимараттардың қатары артып келеді. Тұран ауданының өзінде қабырғасына сурет салынған 15-ке жуық арт-объект бар. Олар тек әсемдіктен бөлек, терең мағынаға ие.