Созақ аудандық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты шешімдер қабылданды

Жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізді. Күн тәртібінде сегіз мәселе қаралып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты шешімдер қабылданды.

Отырар ауданында «Конституция – ел бірлігінің кепілі» атты салтанатты жиын өтті

Отырар ауданында жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ресми түрде күшіне енуіне орай «Конституция – ел бірлігінің кепілі» атты салтанатты жиын өтті. Мәдениет сарайында ұйымдастырылған тарихи шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты.

«Отырар алқабы» газетінің шыға бастағанына – 91 жыл толды

Тарихы терең, тағылымы мол «Отырар алқабы» газетінің жарық көргеніне биыл 90 жылдан асты. Ауданмен қатар құрылған басылым тоғыз онжылдық бойы елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ауданның тыныс-тіршілігін, жетістігі мен жаңалығын халыққа жеткізіп келе жатқан рухани ордаға айналды.

Созақ ауданында БАҚ саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жергілікті журналистер мен ақпарат саласының ардагерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кентау қаласында мемлекеттік қызметшілер күні бірқатар қызметкерлер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мемлекеттік қызметкерлерді құттықтап, қаланың дамуы бағытындағы атқарып жатқан еңбектеріне құрмет көрсетті.

Отырар ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Отырар аудандық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсету, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Кентау қаласында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Кентау қаласына іссапармен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Нағызханұлы Қарымсақов келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Сауран ауданында мемлекеттік қызмет саласының үздіктері марапатталды

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сауран ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаевтың қатысуымен өткен мерекелік іс-шарада мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың өңірдің дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.