Бейсенбі, 19 Қараша 2026 14:15

Созақ ауданы: Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Таза Қазақстан» жобасының маңызы түсіндірілді

Созақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Таза Қазақстан» жобасын кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Дулат Байзақовтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, ауданның зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ және кент әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттарға тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі өзекті міндеттер мен оларды жүзеге асырудың маңызын түсіндірді.

Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің доценті, PhD докторы Ермек Бекбосынов Жолдаудың негізгі бағыттары мен стратегиялық міндеттеріне кеңінен тоқталды. Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Құрмет Керімбеков ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді қозғап, азаматтық қоғамның рөліне назар аударды. Ал Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері Ғани Назарбек «Таза Қазақстан» жобасының маңызын түсіндіріп, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін сөз етті.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Дулат Есалыұлы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді халық арасында кеңінен түсіндіру және оны жүзеге асыруға әрбір азаматтың белсенді атсалысуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» жобасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркейту жұмыстарына қоғам болып үлес қосуға шақырды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 19 рет