Жиынды Отырар ауданы әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда Әмірдин Әлішев жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің тараптарынан Әдеп кодексі талаптарын орындаулары бойынша жүргізілудегі зерделеулердің және ұжымдардағы моралдық - психологиялық ахуалды анықтау мақсатында жүргізілген анонимді сауалнамалардың қортындыларын талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтылды.
Кездесуде мемлекеттік қызметкерлер көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары киелі ауданымызға арнайы ат басын бұрған әдеп жөніндегі уәкілге аудан тұрғындары атынан шынайы алғысын айтып, жиынды қорытындылады. Кездесуден соң Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев жеке қабылдау өткізіп, қабылдауда мемлекеттік қызметкерлердің талап-тілектерін тыңдады.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»