«Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Бұған Елбасымыз айрықша назар аударып отыр. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, әкімшілік іскерлік орталық бой көтеретін болады. Түркі дүниесінің орталығы ретінде барлық жағынан сай болмақ. Сонымен қатар, Түркістан - руханияттың, мәдениеттің ордасы болуы тиіс. Бұл тұрғыда ел ағаларына, ақсақалдарға артылар жүк ауыр», - деді Жансейіт Түймебаев.
Сондай-ақ, облыс басшысы мерекеге орай ардагерлерге демалыс аймақтарына жолдама сыйлады. Олардың қатарында Түркістан облысының Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласының Ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмаділ Кішібаев, Түркістан қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Рүстем Камилов сынды 20-ға жуық ардагерлер бар.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»