Алдағы уақытта қала аумағына қосымша жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көпқабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, балабақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналаспақ.
Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың тұрғын үйге бөлінген жер аумағымен қосқандағы аумағы 670 гектарды құрайды. Ал әкімшілік-іскерлік орталықтың жер көлемі 225 гектар болмақ.
Орталықтың құрылысының бірінші деңгейі 2019-2021 жылдарға жоспарланған. Бұл уақыт аралығында жалпы аумақтың 20 гектары игерілетін болады. Құрылыстың алғашқы деңгейінде облыс әкімдігінің ғимараты, облыстық әкімшілік басқармалардың нысандары, республикалық аумақтық бөлімшелер, Конгрес хол, «Түркістангенплан» орталығының құрылысы толығымен аяқталатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.