Сейсенбі, 16 Қазан 2018 21:26

Түркістан облысы: жаңадан құрылған Жетісайда аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазанның 3-інде Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың өкімімен Құрман Ғалым Полатұлы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Құрман Ғалым Полатұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы Халықаралық гуманитарлық–техникалық университетін бітірген. Мамандығы – экономист, заңгер. 

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы бухгалтерлік есеп және есептілік қызметінің бас экономисі болып бастаған. 2003 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру және инновациялар департаментінің Ақпараттық технологиялар бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы, 2003 жылы жетекші маманы, 2004 жылы Бюджеттік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, 2007 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Талдау және әдіснама басқармасының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2008 жылы осы мекемеде бас сарапшы-бас мемлекеттік тексеруші, 2013 жылдан бастап бүгінге дейін «Астана қаласы бойынша тексеру комиссия» мемлекеттік мекемесінің мүшесі қызметтерін атқарып келген.

Отбасылы бүгінде 3 ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 730 рет