Мәжілісті Нұр Отан ХДП Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Тұрсынбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға насихаттық топ жетекшісі облыстық қаржы басқармасының басшысы А.Тасыбаев және ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері,бюджеттік және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысты. «Елбасы жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, елдің ағымдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдай отырып халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруды қамтамасыз етуге бар күш-қайратымызды жұмсайтын боламыз. Жалпы жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен жұртшылықпен кездесулер мен талқылаулар өткізетін болады. Бүгін осындай мақсатпен Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Сарыағаш ауданына облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері келіп отыр» - деді Абдрахман Батырбекұлы.
Жиында жарыссөзге шыққан Сарыағаш қаласының төбе биі Р.Оспанов, «Теміртау» ЖШС-нің директоры Қ.Жусипов тыңдалды. Сондай-ақ, насихаттық топтың жұмысы Сарыағаш ауданының Құркелес және Жемісті ауылдық округтерінде өз жалғасын тапты. Кездесуде ақпараттық-насихат топ мүшелеріне жолдаудан туындайтын бірқатар мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті мәліметтер мен жауаптар берілді.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»