Дүйсенбі, 22 Қазан 2018 23:26

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті. Конференцияның жұмысына Түлкібас ауданы әкімі, аудандық партия филиалының төрағасыНұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, аудандық мәслихат хатшысы Сәдуахас Балтабайұлы Сейсенбаев, аудандық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, атқарушы және өкілетті билік пен мемлекеттік мекемелердің басшылары, партияның «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Конференцияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау; 

2. Аумақтық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі;

3. Аумақтық партия филиалының Саяси кеңесін сайлау;

4. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайлау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын баяндап, насихаттау бойынша аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының төрағасының орынбасары А.Нұранов аумақтық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебін баяндады.

Конференция аумақтық партия филиалының Саяси кеңесін және «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайлауымен жалғасты. Сайлау барысында ұсынылған азаматтардың тізімі дауысқа қойылып, бірауыздан қабылданды. 
Жиын барысында бір топ азаматтар жарыссөзге жазылып, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» аты Қазақстан халқына Жолдауының артықшылықтарын айтып, қолдайтындықтарын жеткізді.

Конференцияны қорытындылаған аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы «Елбасы Жолдауын жоғары деңгейде насихаттап ғана қоймай, іске асыруға баршамыз бірігіп атсалысуымыз қажет» деді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 869 рет