Еңбек жолын 1997 жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қалалық жобалау өндірістік басқармасының басшысы, 1999-2000 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жарнама бойынша инженері, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, 2003-2009 жылдары, Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қалдықтармен жұмыс істеуді реттеу басқармасының бастығы, 2010-2012 жылдары «Еуразиялық су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ бас инженері, 2012-2013 жылдары Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз СЭС-1" ЖШС тексеру комиссиясының мүшесі, 2013-2014 жылдары«КазМТОГрупп» ЖШС директордың орынбасары, 2014-2016 жылдары «Тау-Кен Самурык» Ұлттық Тау-кен компаниясы" АҚ Ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»