Бейсенбі, 25 Қазан 2018 09:48

Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың 2018 жылдың 23 қазандағы өкіміне сәйкес, облыстық  Ауыл шаруашылығы басқармасының  басшысы лауазымына  Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов Нұрбек Бақтыбайұлына үлкен сенімнің артылғанын атап өтті. 

- Ең бірінші кезекте Сізге ауыл шаруашылық саласында Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, Түркістан облысының көрсеткішін республикалық деңгейде көтеру міндеті жүктеледі. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін дамытуды басты назарда ұстау керек. Басқарма басшысы ретінде кадр мәселесіне, яғни жұмысқа білікті мамандарды тарту мен олардың тұрмыстық жағдайына мән беру қажет, - деді Қайрат Нүкенов. 

 Нұрбек Бадырақов Бақтыбайұлы 1988 жылдың 11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүние келген. 2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің су ресурстары және суды  пайдалану бакалавры мамандығы бойынша дипломын алды. 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі мамандығын алды. 2012 жылы Қазақстан Халықтар Достығы университетін бітіріп құқық бакалавры мамандығын алды.  

 01.12.2009-18.03.2010 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының статист қызметінен бастаған. 

 19.03.2010-15.09.2011 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының  жетекші маманы;

 15.09.2011-16.11.2012 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы;

 16.11.2012-26.06.2013 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің бастығы;

 26.06.2013-05.11.2013 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің басшысы;

 05.11.2013-23.09.2015 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

 23.09.2015-09.03.2016 ж.ж. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрінің кеңесшісі;

 09.03.2016-06.04.2016 ж.ж. «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ,Еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін талдау және дамыту департаментінің Бас менеджері;

 06.04.2016 – 24.01.2017 ж.ж. Қазақстан Республикасының  Парламент Мәжіліс депутатының көмекшісі;

 24.01.2017 – 15.12.2017 ж.ж. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы;

15.12.2017 – 21.05.2018 ж.ж. Шымкент қаласы әкімінің Аппарат басшысы;

 21.05.2018 - 25.07.2018 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 

 23.10.2018 жылдан бастап Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1146 рет