— Нысандардың сәулеттік жобаларын шығыс үлгісіне сай жасақтау қажет. Түркістан қаласының өзіндік дизайны, құрылыс жүйесі болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеп, сараптаудан өткізу керек. Нысандарды салу барысында ағаштарды кеспей, айналып өту жағын қарастырыңыздар — деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Күлтөбе қалашығы аймағындағы туристік нысан, Түркістан қаласы аумағында шығыс үлгісінде безендірілген мұнаралар салу, ескек есу каналын туристік нысанға айналдыру үшін ғимараттар мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Қолөнершілер орталығы» нысанын салу жобасы да сарапталды. Әрбір нысан бойынша тиісті ескертпелер айтылып, ұсыныстар берілді. Олардың бәрі жұмыс жоспарына енгізіліп, тиісті жұмыс жүреді.
Бүгінде Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды түрдеқолға алынған. Соның бірі – «Отырар» шағын ауданында орналасқан 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды нысандарға барып, жұмыс барысын тексерді. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
– Тұрғын үйлерге тиісті қаражаты бөлінген. Мемлекет пен халық алдында жауапкершілік алған соң жұмысты сапалы атқарған жөн. Үйлер талапқа сай әрі уақтылы тапсырылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды мердігерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Үйлерге кіріп, пәтерлерді аралап көрді. Сапасын тексерді.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «Отау строй», «Дос и К сервис», «Ақ-Жол», «Ынтымақ Бес-Арыс», «CK NEW CITY», «РСУ-1», «TOLAGAI-2050» ЖШС-лері жүргізіп жатыр. Бас жобалаушы – «Project Building» ЖШС.
Құрлысшы мердігерлер облыс әкіміне жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. 11,4 гектар жер көлемі бар кешендегі жалпы пәтер саны – 800. Пәтерлердің ауданы 50 414 шаршы метрді құрайды. Өткен жылдың тамыз айында басталған тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталып, ел игілігіне берілмек.Айта кетейік, облыс құрылғаннан бері құрылыс қарқыны 2,9 есеге өсті. 176 көпқабатты үй салынды, 40 мыңдай отбасы жаңа пәтерге ие болды. 232 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Түркістан қаласында шамамен 80 мың тұрғынға инфрақұрылым жасақталып, тұрғын үй салынды. Жаңа шағынаудандар бой көтеріп, талай отбасының баспана мәселесі шешілді.
Биыл бюджет есебінен — 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй салу жоспарланған. Жеке қаржы есебінен салынатын жер үйлер жоспары – 781,851 мың шаршы метр. Сонымен қатар 2024 жылы жалпы 145 000 шаршы метрді құрайтын 191 үй салу жоспары бекітілді. Қазір 159 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2600-ден астам азамат баспаналы болды. Ал Түркістан облысында биыл халық игілігі үшін 29 жайлы мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауында тұр.
Облыс басшысы Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан білмі ұяларының құрылыс алаңдарында болып, жұмыс қарқынын тексерді. Мердігерлермен кездесіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.– Әлеуметтік нысандардың құрылысын аса жауапкершілікпен жүргізіңіздер. Елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Ал білім сапасы көтерілуі үшін мектептер талапқа сай болуы тиіс. Бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен жасақтау да аса маңызды. Жұмысты үйлестіріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Жалпы алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты. Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады. Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.
Анықтама үшін нақтылай кетсек:
Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.
Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:
2023 жылы басталған 29 мектеп:
— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;
— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;
— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;
— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;
— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;
— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;
— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.
Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді. 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.
Тарқата айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;
Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;
Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;
Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;
Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.
2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.
Дәлірек айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;
Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;
Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;
Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;
Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;
Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда) толық өтетін болады.
Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.
Осы ретте жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.
Күрделі жөндеуге тоқталатын болсақ, Түркістан облысында 1900-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Оған қажетті қаржы көлемінің жалпы сомасы 80 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда 66 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Бұл ретте күрделі жөндеуге қажетті қаржы 50,4 миллиард теңгені құрап отыр.
2024 жылға 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы 7,7 миллиард теңге қаржы қаралды. Тарқата айтсақ, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен 7 мектеп (2,7 миллиард теңге), облыстық бюджеттен 15 мектеп (4,9 миллиард теңге) күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның ішінде 5 мектепті («Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен – 3, облыстық бюджеттен – 2) ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған 17 мектеп («Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен — 4, облыстық бюджеттен — 10) келесі жылға өтпелі.
Өңір басшысы облыс орталығында салынып жатқан 2000 орындық жайлы мектептің құрылысын бақылады. Бұл мектеп қаладағы №42 көшеде орналасқан. 4 қабатты нысанның құрылысын «Каратас Майнинг» ЖШС қолға алған. Ғимараттың жалпы ауданы – 20 147 шаршы метр. Білім ұясы 4 гектар аумақта орналасады. Өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр. Түркістандағы «Яссы» шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық білім ошағының құрылысын «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүргізіп жатыр. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат