Бейсенбі, 25 Қазан 2018 11:05

«Нұр-Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы болып өтті

Сәрсенбі, 24 қазан күні Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы болып өтті. Конференцияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Атап айтар болсақ, ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау және «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі қаралды.

Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға Түрістан облыстық мәслихатының депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабекұлы, сондай-ақ партия мүшелерімен қатар, ауыл округ әкімдері, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымдарының делегаттары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланып, облыстық конференцияның делегаттары сайланды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1004 рет