Мерзімі бес жылға түзілген меморандумға ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов және республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы, генерал-майор М.Таласов қол қойды. Меморандум аясында тараптар өскелең ұрпаққа отансүйгіштік сезімнің, азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің қалыптасуын қажет деп тауып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл етуге келісті.
Сонымен қатар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ, әскери қызметтің беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуғ кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен және республикалық және өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, әскери-патриоттық үйірмелердің, кадет сыныптарының, сондай-ақ білім беру мекемелерінде, оқушылар сарайында, демалыс лагерьлерінде, спорт лагерьлерінде өзге де жастар ұйымдарының жұмысы бойынша өзара іс-қимыл жасау жоспарланды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»