Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында Дәмежан Төлеубайқызы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талдап, түсіндіріп өтті. Әсіресе, Жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер оның ішінде келер жылдан бастап жалақының өсуі, апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешу, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту, жаңа спорт кешендерін салу, ел ертеңі болатын жастарға қолдау көрсету, сыртқы саясат, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жоғары оқу орындарында білім жүйесін реформалау жайында айтып өтті. Сонымен қатар бүгінде жемісті жүзеге асып жатқан «Бес әлеуметтік бастама», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламары аясында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайын да сөз етті.
Жиында Келтемашат ауылдық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Керімқұлов, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тұрсынбаев Жолдауда айтылған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев қорытындылап, арнайы іссапармен келген Дәмежан Төлеубайқызына аудан тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.