Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 11:30

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында “Нұр Отан” партиясының конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті ХХХV конференциясы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Саяси маңызы зор жиынға аудандық мәслихат хатшысы М.Нақыпбеков және мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып отырды. 

Конференция жұмысын партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков жүргізіп, Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты қазан айындағы Жолдауы мен “Аудандық партияның 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы” есебін жасады.

Ал жарыссөзге аудандық мәслихат депутаты С.Спабеков пен облыстық мәслихат депутаты Шәріпбек Жамалбекұлы шықты. Конференция жұмысын партияның аудандық филиалның төрағасы, аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қорытындылады. Конференция қорытындысында партия филиалының Саяси Кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясына делегаттар сайланды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 926 рет