Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 11:38

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының конференциясы өтті

Кезекті ХХХVІ есеп беру, сайлау конференциясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды. 

1. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау;

2. Қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі;

3. «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасын сайлау;

4. Қалалық партия филиалының Саяси кеңесін сайлау;

5. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясына делегаттар сайлау.

Конференцияны «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев жүргізу тізгінін қолына алды. Мандаттық комиссияны хабарлағаннан кейін бірден қалалық филиалдың төрағасын сайлады. Сонымен, «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып қала әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы бірауыздан сайланды. Төрағаның бірінші орынбасары А.Темірбаев ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының мән-маңызын, оны іске асырудағы Түркістан қалалық партия ұйымының міндеттері туралы және «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдар бойынша жұмыс қорытындысы туралы, атқарылған ауқымды шаруалар жайлы кең көлемді есеп берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1121 рет