Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мақсаты – ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыру. Жиын барысында «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары М.Шакенов, «ҚТЖ» Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының Адами ресурстарымен басқару және құжат айналымы жөніндегі атқарушы директорының міндетін атқарушы – Департамент директоры Ш.Абильбекова, «Жолаушылар тасмалы» акционерлік қоғамының Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Г.Анғарбаева, Шымкент бөлімшесінің ардагерлер төрағасы Н.Нұртаев және «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Салықбаевалар қатысып, жолдау аясында баяндамалар жасады. Баяндама барысында насихаттық топ мүшелері тарихи құжаттың тағылымдық жақтарына тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетті. Сала қызметкерлері қоғамдық өзгерістердің кешегісі мен бүгінгісін сараптап, еліміздің даму қарқынындағы сапалық жетістіктердің тиімділігін атап өтті. Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша теміржол саласының жұмысшылары тарапынан сала қызметкерлері қойылған сауалдарға заң аясында тиісті мәліметтер мен жауаптар берді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.