Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 15:25

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімдігі мәжіліс өткізді

Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ашып жүргізіп отырды. 
Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның тиісті мекеме басшылары шақырылған. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

1. Ауданның 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Ашрапов Мансурбек Жаналиұлы баяндады. Қала және ауылдық окургтердің бюджетіне түсетін салықтары, жеке тұлғалардың табыс, мүлік, жер салығы, заңды тұлғалардың көлік, жер салығы туралы слайдпен көрсетіп, жеке тоқталды. 

2. Күзгі маусымдық жедел респираторлық вирустық инфекциясының және тұмау ауруларының алдын алу жұмыстарының барысы туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ибраева Меңзада Сәлімгерейқызы баяндама жасады. Алдағы уақытта жедел респираторлық вирусты инфекцияның және тұмау ауруларының алдын алу, емдеу жұмыстарын жүргізу жоспар бойынша іске асыру қадағалануда. Осыған орай мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров Мемлекеттік қызметкерлергеде егпе егудің жолын қарастыру керек екендігін ұсынды.

Баяндамалар барысында аудан әкімі Б.Омарбеков тиісті мекеме басшылары мен қала ауылдық әкімдеріне сұрақ қойып, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауды тапсырды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 793 рет