Қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы қонақтарға жуырда ғана Елбасы Н.Назарбаевтың Түркістан қаласына арнайы келіп, қаланың дамуы тұрғысында тарихи–мәдени туристік қала ретінде ілгерілеуі жөніндегі Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Өз кезегінде сөз алған елші Итиро Кавабата жаңа облыс орталығын медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік жобалар мен мәдени-гуманитарлық бағытта қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Бірлесе жұмыс атқаруға ниет танытып отырған жапониялықтар ауызсу және сарқынды су жүйелерін жүргізуге қызығушылық танытып отырғанын тілге тиек етті.
Келелі әңгімелер өрбіген басқосу соңында екі тарап бір-біріне сый-сияпаттарын ұсынды. Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін ағымдағы жылдың сәуір айында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Итиро Кавабата мырзаның кездесуінде Шымкент қаласынан ғылыми-гуманитарлық база құру туралы ұсыныстар айтылған еді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.